Қазақстан өнеркәсібіндегі энерготиімді жылумен жабдықтау

01/06/2019

«Қазақстан өнеркәсібіндегі энерготиімді жылумен жабдықтау»

"KazInterPower-2019" энергетикалық көрмесі аясында Павлодар қаласында жылуды өндіру және кәдеге жарату, мемлекеттік қолдау шаралары, саланы цифрландыру, энергомониторинг және энергиялықтиімді технологияларды енгізу контексіндеөнеркәсіптегі энергиялықтиімділіктіңөзекті мәселелеріне арналған «Қазақстан өнеркәсібіндегі энерготиімді жылумен жабдықтау» тақырыбында конференция өтті.

Конференция «Электр энергетикасын дамыту және энергияүнемдеу институты» АҚ-мен әріптестікте Неміс энергетикалықагенттігі (dena) жүзеге асыратын өнеркәсіптік сектордағы энергия үнемдеу туралы ақпараттықхабардарлықты арттыру жобасыныңжәне «Энергия тиімді Қазақстан» бастамасы аясында Павлодар облысы әкімдігініңқолдауымен жалғасын тапты.

Конференцияға Қазақстанныңөнеркәсіптік кәсіпорындары мен салалықұйымдарының60-тан астам өкілдері, сондай-ақГермания, Ресей және Украина сарапшылары қатысты. Конференцияныңбасты мақсаты өнеркәсіпте жылуды энерготиімді пайдалану мәселелерін салалықсарапшылармен талқылау болды.

2018 жылдың басынан бастап Павлодар облысының кешенді жоспарына сәйкес барлық энергияүнемдеуіс-шаралары сәтті жүзеге асырылды, бұл 50 мың тоннадан астамшартты отындыүнемдеуге мүмкіндік берді.

Жалпы, энергия үнемдеудіңкешенді жоспарын іске асыру 2010 жылға қарағанда өңірдің жалпы өңірлік өнімінің энергиясыйымдылығын 24%-ға төмендетуге мүмкіндік берді – деп хабарлады Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысы Мурат Абулкалыков.

«Алайда, бұл саладағы сын-қатерлер әлі де жеткілікті, олардыңбірі кәсіпорындардыңкөптеген өндірістік кешендерініңфизикалықжәне моральдықтозуыныңжоғары деңгейі болып табылады» – деп атап өтті «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚБасқармасы Төрағасыныңорынбасары Олжас Әлібеков. 

Конференция барысында қатысушыларға Германияда энерготиімділікті дамыту тәжірибесі ұсынылды, ол туралы dena агенттігі энергетика бөлімініңбасшысы доктор Карстен Линдлоф айтып берді, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік энергетикалықтізілімніңавтоматтандырылған ақпараттықжүйесі, сондай-ақSiemens пен Данилов атындағы Свердлов Энергия үнемдеу институтыныңсандықшешімдері таныстырылды. Сондай-ақ, неміс кәсіпорындары энергия менеджментін енгізу мәселелерін талқылап, энерготиімді технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

 

 

Павлодар облысы бойынша 

энергетика және ТҮКШ басқармасы