ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ҮШ ӘЛЕУМЕТТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ЖАҢҒЫРТУ АЯҚТАЛДЫ

10/10/2018

Бүгін Дүниежүзілік банктің өкілі Ато Браун мырза Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институтымен, сондай-ақ Қостанай облысының энергетика басқармасымен бірлесіп, энергия тиімділігін арттыру мақсатымен жаңғыртудан өткен объектілерді қарады.

Олар Таранов ауданы әкімдігі білім бөлімінің Тобол орта мектебіне барды. Мектептің кіреберісінде қонақтарды Таранов ауданы Білім бөлімінің Басшысы Әлімбаева Айгүл Темірханқызы және Мектеп директоры Кривченкова Елена Валерьевна күтіп тұрды.

«Біз Дүниежүзілік банкке, сондай-ақ Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институтына әлеуметтік құрылымдар үшін маңызды инвестициялар біздің мектебімізде жүзеге асырғаны үшін алғыс білдіргіміз келім отыр.

Бұл жоба біз үшін маңызды және соған көп себеп бар. Мектепте әлдеқайда жарық болды, автоматты жылыту бекеті орнатылды, бұл біздің мектебімізге көп жылдар бойы жетіспеді. Өйткені біздің мектепте ұзақ жылдар бойы төмен температура болды, шын айтсақ, біз соған да үйрене бастаған болатынбыз. Бірақ жобаның арқасында енді біздің мектеп анағұрлым жылы болды, бұны біздің оқушыларымыз да байқады», - деп, Мектеп директоры Елена Валерьевнаөз пікірін айтты.

Өз кезегінде, Ато Браун мырза оқушылармен әңгімелескенде, мектепті түрлендіру балаларға оң әсер еткеніне өте қуанышты болды және оларға үздік оқуды тіледі.

Делегация барған келесі объект Лисаковск қаласы болды. Бұнда 91 РКК, ТКҚ шамдары жарықдиодтық шамдарға ауыстыру жұмыстары өткізілді. Көше жарығының ұзақтығы 2.8 км. құрайды.

Лисаковскте қонақтар өткізілген жұмыстарды Қала әкімі Исмагулов Алмат Ерікұлымен талқылады, сондай-ақ қаланың энергия тиімділігін арттыру үшін ары қарай ынтымақтастық жасау жоспарын келісті.
«Мен біздің жоба бойынша есеп бере аламын. Яғни оң экономикалық әсердің бірінші нәтижесі бар. Біз үшінші тоқсанда – тамыз, қыркүйек айларында электр энергиясына жұмсалған шығыстарды есептедік және электр энергиясы бойынша ысыраптар 17 пайызға төмендеді деп сенімді айта аламыз. Яғни біз осы тоқсанда 550 мың теңгені үнемдедік», - деп,Әулиекөл орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Шульгин Сергей Владимировичосындай оң жаңалықтармен Делегацияны қарсы алды.

Бұл ауруханада ағаш терезелерді ауыстыру, төмен эмиссиялық терезе үлдірді кіріктіру, шамдарды жарықдиодтық шамдарға ауыстырубойынша жұмыстар, сондай-ақ басқа да жұмыстар жасалды, бұның бәрі энергия тиімділігінде көрнекті нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдесті. 

Сапар барысында делегация өкілдеріне алғысхаттар және естелік сыйлықтар табысталды.   
Жалпы алғанда, Қостанай облысына бұл сапарэнергия тиімділігін арттыру мектептер, ауруханалар және т.с.с. әлеуметтік объектілердің бюджетіне едәуір үнемдеуді алып келетінін көрсетті. Үш объект бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 131 227 603 тг. құрады. Бұдан кейін Қостанай облысында тағы үш инвестициялық жоба жоспарланды, олар үшінші топқа кіреді, оларды жүзеге асыру мерзімі - 2018-2019 жж.

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» Жобасы жүзеге асырылған екі жылда бүкіл Қазақстан бойынша 44 әлеуметтік объект іріктелді (балабақшалар, мектептер және ауруханалар). Жоба қоғамдық және әлеуметтік мекемелерде энергия тиімділігін арттыруға және энергия тиімділігін тұрақты қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.