Энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне Жеңіс қасымбек жетекшілік етеді
ҚР Премьер-Миистрінің ресми сайтында мәлімделгендей, 4 наурызда республиканың Премьер-Министрі лауазымына жақында тағайындалған Асқар Мамин «Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының арасында міндеттерді бөлу туралы» өкімге қол қойды.
Қол қойылған өкімге сәйкес экономика мен өңірлік саясатты жедел басқару, көлік инфрақұрылымын және логистиканы, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, энергия үнемдеуді дамыту және жаңартылатын энергия көздерінің, көмір өнеркәсібінің, атом өнеркәсібінің және ядролық энергетиканың энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне енді Премьер-Министрдің орынбасары Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы жетекшілік етеді.
Сондай-ақ оның міндеттеріне өнеркәсіпті, инновацияларды дамыту, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнайхимия және экспорттық бақылау, алтын өндіру саласы, ұйымдар мен мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық құрам үлесін арттыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру жұмыстары, жылыту маусымдарына дайындалу және оларды өткізу, арнайы экономикалық және индустриалдық аумақтарды үйлестіру, дамыту және т.б. мәселелер де кіреді.
Дереккөз: https://eenergy.media