ҚР ИИДМ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ «Энергия үнемдеу күні» Халықаралық мерекесі қарсаңында челлендж ұйымдастырады.
Челлендж ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ болып табыладыды.
Челлендж Халықаралық энергия үнемдеу күнін өткізуге орайластырылған және өскелең ұрпақты ресурс үнемдеу санасында тәрбиелеу және олардың назарын энергияны үнемді пайдалануға аудару мақсатында жүргізіледі, сол арқылы балаларды энергия үнемдеудің қарапайым қағидаттарын зерттеуге ынталандырады.
???? Челленджді өткізу мерзімі
✔️ 2021 жылғы 25 қазаннан 2021 жылғы 8 қарашаға дейін
???? Челлендж шарттары
✔️ Челлендждің әрбір қатысушысы күнделікті энергия үнемдеу дағдыларына арналған ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнеролик жазады. Бейнероликтің астына қатысушының аты-жөні, оқу орны мен қаласы, қатысушының жасы көрсетілуі тиіс.
✔️ Челлендж «#энергияүнемдеу», «#challenge», «#челлендж», «#ИРЭЭК», «#ҚЭДЭИ», «#энергосбережение», «#МИИР», «#ИИДМ» міндетті хэштегтерімен өткізіледі. Қосымша шексіз көлемде кез-келген хэштегті көрсетуге болады, мысалы оқу орнының хэштегін қоса жазуға болады.
✔️ Міндетті түрде @eedi.kz Instagram аккаунтына жазылған болу керек. Бір қатысушыдан екі бейнероликтен артық қабылданбайды.
✔️ Роликтің соңында «Мен энергияны үнемдеуді таңаймын!» деген жалпы сөйлем айтылады және постқа сипаттамада посттар тізбегін құруға үндеу жасалады.
✔️ Егер ролик шақыру бойынша жазылған болса, мәтінде «(аккаунт атауы)-нан шақыруды қабыл алдым» деп көрсету керек.
Бейнеролигі ең көп лайк жинаған аккаунт жеңімпаз (1 орын) болып саналады.
Бейнероликке ең көп комментарийлер жазылған аккаунт жеңімпаз (2 орын) болып саналады.
Жеңімпаз (3 орын) кездейсоқ сандар генераторымен анықталады.
1 орын – планшет;
2 орын – портативті колонка;
3 орын – Power Bank сыртқы аккумуляторы.
✔️ Жүлделі орындарға ие болған бейнероликтер Институттың ресми сайтында, Facebook және Instagram парақшаларында жарияланады, сондай-ақ Халықаралық энергия үнемдеу күніне арналған құттықтау бейнеролигі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Челлендждің негізгі шарттары туралы Ережемен сіз сондай-ақ http://kazee.kz/ сайтында таныса аласыз
???? «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)»АҚ Орталық аппараты
???? Код: 8 7172 91-65-90