КӘСІБИ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕТІН БАЙҚАУ

03/05/2021

Қазақстанда энергия аудиторлар, энергия менеджерлер мен кәсіпорындар арасында байқау өткізіледі

2021 жылғы 6-21 мамыр аралығында III Халықаралық энергия үнемдеу форумы шеңберінде «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Дүниежүзілік банктің қолдауымен энергия аудиторлар, энергия менеджерлер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, жабдықтар өндіретін кәсіпорындар және энергия үнемдеу технологияларын енгізетін кәсіпорындар арасында кәсіби сыйлық берілетін байқау өткізеді.

Сыйлық энергияны үнемдеуді дамытуға кәсіби үлесті танудың символы болып табылады, сонымен қатар жеке және ұжымдық үлес үшін және энергия тиімді технологияларды енгізуге бағытталған іске асырылған жобаларға беріледі.

Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық энергоудиторлар, энергоменеджерлер, сондай-ақ кәсіпорындар қатыса алады.

Байқау өтінімдері forumenergy3@gmail.com электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Өтінімдерді беру мерзімі 2021 жылғы 21 мамырға дейін.

Марапаттау осы жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ атынан III Халықаралық энергия үнемдеу форумы аясында онлайн форматта өтеді.

Байқаудың толық шарттарымен http://www.eeq.kz/ сайтында танысуға болады.