ЕҢ ҮЗДІК ЭНЕРГОТИІМДІ БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕ
Байқау III Халықаралық энергия үнемдеу форумына орайластырылған. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық бюджеттік мекемелер қатыса алады.
Осы байқаудың мақсаты энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру саласындағы бюджеттік мекемелердің жұмысын ынталандыру, сондай-ақ бюджеттік секторда неғұрлым табысты іске асырылған жобалар туралы ақпаратты іздестіру және тарату болып табылады.
Байқау өтінімдері forumenergy3@gmail.com электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Өтінімдерді беру мерзімі 2021 жылғы 6-21 мамыр аралығында.
Жеңімпазды марапаттау рәсімі онлайн форматта өтеді.
Байқауды Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ атынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат http://www.eeq.kz/ сайтында, сондай-ақ ұйымдастырушының ресми бетінде http://kazee.kz/ қолжетімді.