ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

03/05/2021

Қазақстанда «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты үшінші республикалық балалар суреттері байқауы өтеді

Байқауды Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ атынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырады.

Балалар байқауы III Халықаралық энергия үнемдеу форумына орайластырылған және өскелең ұрпақты ресурс үнемдеу санасына тәрбиелеу және олардың назарын энергияны үнемді пайдалануға тарту мақсатында өткізіледі, осылайша балаларды энергия үнемдеудің қарапайым қағидаттарын зерделеуге итермелейді.

Байқауға 4 жастан 17 жасқа дейінгі кез келген бала қатыса алады. Өтінімдерді беру мерзімі 2021 жылғы 6-21 мамыр аралығында.

Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар үш жас санатында үш жүлделі орын бойынша жарияланады:

Гран – при – смартфон;

1 орын – ноутбук;

2 орын – планшет;

3 орын – электронды кітап.

Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтеді.

Байқау өтінімдері қатысушылардың немесе олардың ата-аналарының (қамқоршыларының) Instagram жеке аккаунтында электронды түрде ұсынылуы тиіс, профиль ашық болуы және ұйымдастырушылардың Eedi.kz ресми парақшасына жазылуы керек.

Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат http://www.eeq.kz/ сайтында, сондай-ақ ұйымдастырушының ресми бетінде http://kazee.kz/ қолжетімді.