​Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар объектілерде (ҚМЖ) көрсетілетін кіші жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру 

Бұл компонент жылу және электр энергиясын шығарындыларын және шығыстарын азайтуға бағытталған. Кіші жобалардың 4 тобынан құралады.

- сомасы 17,2 млн. АҚШ доллары.

КІШІ ЖОБАЛАРДЫҢ 1-ТОБЫ

2015 - 2016 жылдарға Жобаны Басқару жөніндегі Комитет 2015 жылы 19 объектіні іріктеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 18 объектіде аяқталды. Бір кіші жоба бойынша жұмыстар – №1 ОМ, Атырау қ. мектепті апаттық деп тануға байланысты тоқтатылды.
19 ғимарат 5 облыста: Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, ШҚО, БҚО (11 балабақша және 8 мектеп).
Мәртебесі: Энергияны жалпы үнемдеу 2 690 285 кВт*с (мониторинг нәтижелері бойынша):
- жылу энергиясы, 2 400 883 кВт*с (өткен жылы жылуды тұтынудан 16,4 %)
- электрэнергиясы, 289 402 кВт*ч (өткен жылы жылуды тұтынудан 13,3 %)
1-топ бойынша СО2 шығарындыларынжиынтық көлемі - 316,4 т.
 

КІШІ ЖОБАЛАРДЫҢ 2-ТОБЫ

2016 жылыЖобаны Басқару жөніндегі Комитет 25 объектіні іріктеді. Қазіргі уақытта барлық объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.
25 объект 8 облыста: БҚО, Қостанай, СҚО, Павлодар, ШҚО, Алматы, Ақмола, ОҚО (13 мектеп, 4 балабақша, 5 медициналық мекеме, 3 көше жарығы объектісі).
Мәртебесі: Энергияны жалпы үнемдеу13 540 207 кВт*с (энергетикалық аудиттің нәтижелері бойынша): 
- жылу энергиясы, 12 592 392 кВт*с; 
- электрэнергиясы, 947 814 кВт*с. 
2017 жылы және 2018 жылдың 1-жартыжылдығында СО2 шығарындыларыназайту 834,01 т. құрайды.
 

КІШІ ЖОБАЛАРДЫҢ 3-ТОБЫ

2017 – 2018 жылдарға Жобаны Басқару жөніндегі Комитет 2017 жылы 31 объектіні іріктеді. Барлық объектілерде энергетикалық аудит өткізілді, 23 объект бойынша «Мемлекеттік сараптама» РМК-да ЖСҚ бойынша оң қорытындылар алынды, олар бойынша ҚМЖ жасау үшін компанияларды анықтау бойынша конкурстық процедуралар өткізілді. Қазіргі уақытта 12 объект бойынша келісімшарттар жасалды, олар бойынша жұмыстар басталды.
 

КІШІ ЖОБАЛАРДЫҢ 4-ТОБЫ

2017 жылы 10 кіші жоба қосымша іріктелді. Барлық объектілерде энергетикалық аудиттер өткізілді, ЖСҚ әзірленді, 8 кіші жоба «Мемлекеттік сараптама» РМК-да оң қорытындылар алды. 2 көше жарығы объектісі бойынша жеке сараптама үшін конкурс өткізіліп жатыр.